Өткен тәулікте республикада 8 орман және дала өрті орын алды

Өткен тәулікте республикада 8 орман және дала өрті орын алды

Ағымдағы жылғы 6 шілдеде өткен тәулікте республика бойынша 8 өрт оқиғасы тіркелді, оның ішінде бір табиғи орман өрті және жеті дала алқаптарындағы жану.

Қостанай облысы Қарабалық ауданындағы бір өрт ТЖК бақылауында. 6 шілдеде сағат 17.00-де Өрнек ауылынан 10 шақырым жердегі Байбарақ көлінің маңында ашық аумақта ауданы 3 га «Михайловский орман шаруашылығы мекемесі» КММ аумағында ауданы 7 га құрғақ шөп пен орман алқабының жануы орын алды. Сағат 17.50-де орман шаруашылығы және ерікті өрт сөндіру құралымдарының  күштері (12 қызметкер және 5 бірлік техника) жануды оқшаулады.

Сонымен қатар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында құрғақ шөптің жануы орын алды.

6 шілдеде сағат 19.18-де Алматы облысының Қапшағай қаласынан 25 шақырым жерде ауданы 15 га құрғақ шөп жанды. Сағат 21.00-де ТЖД және ЖАО (9 қызметкер және 3 бірлік техника) күштері жануды жойды.

6 шілдеде сағат 18.49-да Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылынан 12 шақырым жерде ауданы 37 га құрғақ шөп өртенді. Ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері (30 қызметкер және 10 бірлік техника) сағат 20.19-да жануды жойды (халық  хабарлама берген, өрт қауіптілігінің 3 сыныбы).

6 шілдеде сағат 17.55-те Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бетқұдық аулынан 3 шақырым жерде ауданы 35 га құрғақ шөп жанды. Сағат 22:25-те ТЖД, ЖАО күштері (6 қызметкер және 2 бірлік техника) жануды жойды.  

6 шілдеде сағат 08.00-де Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Миргород ауылынан 6 шақырым жерде «Миргород» ЖШС жанында 30 га аумақта құрғақ шөп және 25-ке жуық тонна жиналған шөп өртенді. Сағат 10:20-да ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері (11 қызметкер және 3 бірлік техника)жануды жойды.

6 шілдеде сағат 18.00-де. Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылынан 6 шақырым жерде ауданы 3,5 га құрғақ шөп өртенді. Сағат 19.50-де ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері (17 қызметкер және 3 бірлік техника) жануды жойды.

6 шілдеде сағат 06:30-да Қарағанды облысы Ұлытау ауданының Бетбұлақ ауылынан 37 шақырым жерде ауданы 45 га құрғақ шөп өртенді. Сағат 13.00-де ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері (15 қызметкер және 3 бірлік техника) жануды жойды.

6 шілдеде сағат 14:24-те Осакаров ауданының Трудовое ауылынан 25 шақырым жерде ауданы 20 га құрғақ шөп жанды. Сағат 19.05-те ерікті өртке қарсы құрылымдардың күштері (9 қызметкер және 3 бірлік техника) жануды жойды.

ТЖК орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тұрақты мониторинг, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар, рейдтік іс-шаралар, тұрғындар, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанып жатқан сіріңке, атудан кейінгі тығынның бықсуы, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, күн сәулесінің сынуы, көлік құралының сөндіргішінен ұшқын, құрғақ ескі шөпті жағу, найзағайдың ойнауы.

                                  

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі