Құтқарушылар балабақшаға барды

Құтқарушылар балабақшаға барды

Құтқарушылар  өрттің қауіптілігі  және судағы қауіпсіздік ережелері туралы балабақша бүлдіршіндеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құтқару құралдарын көрсетіп, балаларға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекеттер туралы айтып берді.  Төтенше жағдайлар кезінде міндетті түрде хабарласатын «101», «112» жедел қызмет нөмірлері туралы еске салды.

Кішкентай ұлдар мен қыздар құтқарушыларды мұқият тыңдап, қауіпсіздікке қатысты сұрақтарға жауап беріп, өздері де түрлі сұрақтар қойды. Дәл осы жаста балалар ережелерді жақсы меңгереді және барлық тапсырмаларды орындауға тырысады. Әңгімелесу барысында балалар қандай ережелерді білетіндерін айтты.

 Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы