
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Кеген Тұрсынбаевтың басшылығымен жұмыс кеңесі өтті, оған ТЖМ аумақтық және бағынысты бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Кеңесте 3-4 маусым күндері еліміздің шығысында өткізілетін «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу бойынша ұйымдастырушылық сұрақтар талқыланды.
Кеген Тұрсынбаев оқу-жаттығу өткізу кезінде барлық қызмет пен ведомстволардың,тіршілікпен қамтамасыз ету обьектілерінің,жергілікті атқарушы органдардың төтенше жағдайлар туындағанда тұрғындарға шұғыл және жан-жақты көмек көрсетуде өзара байланыс пен үйлесімділікті пысықтау маңызды екендігін атап өтті.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі