Батыр болып тумайды! Марапат өз батырын тапты!

Батыр болып тумайды! Марапат өз батырын тапты!

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарған батырды марапаттады. Марапатқа ие болған – ТЖО-да слесарь болып жұмыс істейтін, 1995 жылы туған Баяхметов Ержан Қодарұлы есімді азамат, оны өзінің жұмыс орнында ұжымның қатысуымен марапаттады.

Ағымдағы жылғы 22 наурыздың кешінде Талдықорған қаласында «Қызыл тас» саяжай қоғамының маңында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлді басқара алмай, Қаратал өзеніне түсіп кетті. Көліктен шыққан жүргізуші суға бата бастайды. Оқиғаның куәгері болған Талдықорғандық Ержан Баяхметов ойланбастан суық суға секіріп, батып бара жатқан адамды құтқаруға ұмтылды. Ол апатқа ұшыраған адамды жағаға шығарып қана қоймай, оған алғашқы көмек көрсетті, онсыз зардап шеккен адам қаза болуы мүмкін еді. Мұны Ержан шақырған жедел-жәрдем дәрігерлері де атап өтті.

Көрсеткен қайсарлығы және адам өмірін құтқарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов Ержан «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық наградасымен марапатталды.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі