Халықаралық штабтық оқу жаттығу қорытындысы шығарылды

Халықаралық штабтық оқу жаттығу қорытындысы шығарылды

2024 жылғы 21-22 мамыр аралығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің базасында Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен «Орталық Азияда бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде денсаулыққа төнетін қауіп-қатерлерге дайындық және ден қою» тақырыбында «PRECA» жобасы аясында халықаралық штабтық жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығуға 6 елдің өкілдері онлайн режимде (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Моңғолия және Қазақстан), Еуропалық Одақтың, Орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері офлайн режимде қатысты.

Штабтық жаттығу барысында қатысушылар бұқаралық іс-шараларды өткізу бойынша мемлекеттік органдар (ТЖМ, СІМ, ІІМ, ДСМ) мамандарының ден қою тетіктерін пысықтады.

Оқу-жаттығудың алға қойылған міндеттері мен мақсаттары орындалды және оқу-жаттығудың халықаралық қатысушыларымен онлайн режимінде қорытынды шығарылды.

 

Шымкент қаласы ТЖД