Қызылордада кинологиялық есептоптары сертификацияланды

Қызылордада  кинологиялық есептоптары сертификацияланды

Жедел құтқару жасағының кинологиялық есептоптарының арасында сертификациялық сынақ өткізілуде. Яғни, 3 кинологиялық есептің 4 құтқарушы итінің іздестіру-құтқару жұмыстарына қарым-қабілеті сарапқа салынды.  Осы бағытта өткен іс-шара кезінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов Жасақ кинологтарының қызметтеріне сәттілік тіледі. 

Голден редривер тұқымдас - «Коди», неміс овчаркасы - «Спартак», бельгиялық овчарка - «Яра»,   «Рапита» атты қызметтік иттердің бұйрықты орындауы, жедел әрекет етуі  тексерілді.  

Іс-шара кезінде қызметтік иттер табиғи ортада, техногендік ортада қираған ғимараттардың, құрылыстардың үйінділерінің ортасында іздестіру-құтқару тапсырмаларын орындады. Сонымен бірге тапсырмаларды мінсіз орындаған кинологиялық есеп топтарға сертификаттар табысталды. Соған орай құтқарушы иттер төтенше жағдай кезіндегі кез-келген іздестіру-құтқару операцияларына қатысып, қоғам мүлкін, тіпті адам өмірін құтқару жұмысына қатысуға мүмкіндік алды.

 Қызылорда облысы ТЖД 

«Жедел құтқару жасағы» РММ