Шымкент қаласында «Өрт-2024» РКШОЖ

Шымкент қаласында «Өрт-2024» РКШОЖ

«Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде «Жасыл белдеу» базасында  өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты орман-дала өрттерін сөндіру кезінде орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын пысықтау.

Аталған іс-шара қала әкімінің орынбасары А.Кәрімов пен Шымкент қаласы ТЖД бастығы генерал-майор Қ.Базарбаевтың төрағалығымен өткізілді. 

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтері қатысты.  Оқу-жаттығудың қорытындысына сәйкес, азаматтық қорғау қызметтерінің өрт қауіпті кезеңге дайындығы бойынша тыңдалым өткізілді, тиісті тапсырмалар берді.

Оқу-жаттығуға жалпы азаматтық қорғау қызметтерінен 297 адам және 79 бірлік техника қатысты.

 

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі