Дезинфекция қайта басталды

Дезинфекция қайта басталды

Бүгінгі таңда елдегі коронавирустың таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай шиеленісе түсуде. Барлық қабылданған шараларға қарамастан, аурушаңдықтың саны күн сайын өсуде. Біздің облыста да жағдай жақсартылмайды. Осыған байланысты, Көкшетау қаласының әкімдігі Көкшетау техникалық институтының басшылығына қала аумағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізу туралы өтініш білдірді.

COVID-19-тың одан әрі таралуының алдын алу бойынша пәрменді шаралар қабылдау қажеттілігін ескере отырып, өз денсаулығына нақты қауіп-қатерге қарамастан, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының басшылығы мен жеке құрамы а.ж. маусым айнының 29-нан бастап қайтадан дезинфекциялауға кірісті.

Бүгінгі күні жұқтыру қаупі тек медицина қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ қашықтықтан жұмыс істей алмайтын және өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты халықпен байланыс жасауды жалғастырып жүрген мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне да қауіп төндіреді.

Сондықтан, бұл жолы құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттары мен үй-жайлары өңдеу объектілері болды, онда қызметкерлер күн сайын азаматтармен тікелей кездеседі, тергеу жүргізеді, қылмыстарды ашады, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды және карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Осылайша, бүгін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің Пушкин көшесі 21 және Көкшетау қаласы полиция басқармасының Сәтпаев көшесі 1 "А"әкімшілік ғимараттары өңделді.

Бұдан басқа, өткен күні облыстық және қалалық прокуратураның, Ақмола облысы полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарының Н.Назарбаев даңғылы 35 "А"үй-жайлары өңделді.

Екі күн ішінде 12 мың шаршы метр өңделіп, 450 литр дезинфекциялық ерітінді пайдаланылды.

Дезинфекциялау бойынша өткізілетін іс-шаралар тек қана халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған және олар мұндай қажеттілік болғанша жалғасады.

 

     ҚР ІІМ ТЖК КТИ баспасөз қызметі