
Қызылорда облысында өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру жоспарына сәйкес 2024 жылы Сырдария ауданының Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.
Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Р. Еспенбетовтің қатысуымен Ақжарма ауылдық округінде өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанатына орай жиын өткізілді. Аталған өрт сөндіру бекеті арнайы өрт сөндіру көлігімен, ерікті өрт сөндірушілермен жабдықталған. Ол 3 мыңға жуық халыққа қызмет көрсететін болады.
Қызылорда облысы ТЖД