
Екі күн бойы «Өрт-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру болып табылады.
Ауқымды оқу-жаттығу төтенше жағдайлар кезінде тиімді үйлестіру өзара іс-қимылы үшін мамандандырылған топтар мен шұғыл қызметтерді орналастыруды көздеді.
Айта кетсек, өртке қарсы оқу-жаттығулар Қостанай облысының барлық аудандарында өткізілді, бірақ ең ауқымды іс-шаралар Алтынсарин ауданының Красный Кордон ауылында болды, оған 200-ден астам адам, 60-қа жуық арнайы техника мен бір ұшақ жұмылдырылды.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі