2024 жылғы 15-16 мамырда Абай облысының аумағында «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.
Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады.
Оқу-жаттығу «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.
Сонымен қатар 15 мамырда сағат 12.55-те Астана қаласынан басқа барлық өңірлерде оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарлануда.
Аккредиттеу мәселелері бойынша
ҚР ТЖМ, Абай облысы ТЖД баспасөз қызметтеріне
60 09 75, 8 777 991 91 93 телефондарына
және ps@emer.kz, gso_dchs_abai@emer.kz
электрондық пошталарына хабарласыңыздар