
Су тасқынына қарсы жұмыстарға қатысқан еліміздің жүздеген волонтері Ақмола облысында жиналды.
ТЖМ қызметкерлері волонтерлердің көмегі үшін алғыс айтып, олар үшін алғашқы медициналық көмек көрсету мен түрлі ТЖ кезінде әрекет ету бойынша шеберлік сыныбын өткізді.
Құтқарушылар техника мен жабдықтар көрмесін ұйымдастырды. Өрт сөндіру машиналары мен кинологиялық есептоптардың тактикалық мүмкіндіктерін көрсетті.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі