Қиын сәтте қолұшын созды

Қиын сәтте қолұшын созды

Ағымдағы жылдың 10 мамырында таңертең  сағат 3.39 «112» пультіне Жуалы ауданы, Теріс-Ащыбұлақ ауылы маңында балшыққа батып қалған көлікті шығару үшін көмек сұрап, хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына №7 өрт сөндіру бөлімінің 2 қызметкері «Трэкол» автокөлігімен шықты. Жүкшығырдың көмегімен жол талғамайтын көлікті балшықтан таза жолға сүйреп шығарды. Салонда 3 адам болған, олар медициналық көмекті қажет етпеді.

Құрметті табиғатта демалушылар! Сіздерден сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз. Бейтаныс жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтап, техниканың кедергісіз өту мүмкіндігіне көз жеткізу қажет.

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі