Ақмола облысында өрт қауіпті кезеңде 3 авиакомпаниялар кезекшілік ететін болады

Ақмола облысында өрт қауіпті кезеңде 3 авиакомпаниялар кезекшілік ететін болады

Ақмола облысында 8 сәуірден бастап өрт қауіпті кезең басталды.  «Ақкөл, Зеренді және Бурабай аудандарында «Қазавиаорманқорғау» АҚ-ның 3 авиакомпаниясы авиациялық патрульдеуді жүргізетін болады. Жер үстінде патрульдеу үшін облыс аумағында 400 адамнан тұратын 104 мобильді топ құрылды», - деп атап өтті ТЖ департаментінің бастығы Қанат Доспаев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы облыс бойынша 107 орман және 6 дала өрті тіркелген болатын.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері өрт қауіпті кезеңге дайындық туралы айтып берді.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі