Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны жағдайы туралы  ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды. Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды.

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Соңғы 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 180 үйден су сору жұмыстары  жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары  жалғастырылуда.

Республика бойынша 8 378 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 750 адам өз үйлеріне оралды.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 251  адам, 1 428 техника, 239 су сору құралы және 75 жүзу құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды.