Қауіпсіз шомылу маусымы

Қауіпсіз шомылу маусымы

Жетісу облысы құтқарушылары шомылу маусымы қарсаңында су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс атқаруда.

Азаматтарға өзін-өзі құтқару тәсілдерін көрсете отырып, су айдындарындағы қауіп туралы түсіндіруде.

Осыған байланысты, азаматтардың назарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға аударамыз және бірінші кезекте келесіні бұзуға болмайтынын білу қажет:

- алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіріп шомылу;

- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан асып жүзу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзу;

- техникалық және ескерту белгілеріне, қалтқыларға көтерілу;

- ересектердің қарауысыз балаларға суға түсу.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі