Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды

Алтай өңірінде Зубовск кентінде ТЖД және жерігілікті атқарушы органдардың тәулік бойы жүргізген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1335 тонна инертті материалдар төгілді, мотопомпалармен 27800 текше метр су сорылды.

Жалпы, облыстағы өзендер деңгейі қалпында.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі