Солтүстік Қазақстан облысында су басқан аумақтардан су айдау жұмыстары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында су басқан аумақтардан су айдау жұмыстары жүргізілуде

СҚО-да жүрген Ақмола, Түркістан, Қарағанды және Ұлытау облыстарының ТЖ департаменттерінің құтқарушылары Солтүстік Қазақстан әріптестерімен бірлесіп су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады.

Өткен тәуліктің өзінде олар Қызылжар ауданы Тепличное кентінің, Петропавл қаласы Кожевенный зауыты мен Подгора шағын ауданының су басқан аумақтарынан 27600 м.куб. су айдады. Бұл жұмыс 59 су айдау құрылғысын, оның ішінде 6 жылжымалы сорғы станциялары және 53 дана мотопомпалар пайдалана отырып жүргізіледі.

 

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы