Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылуда

Атырау қаласында бөгегіш бондары орнатылуда

Атырау қаласында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі, соның салдарынан жағалау бойында топырақ үгітіліп, құлап жатқаны байқалуда.

 Жағаның сумен шайылуының алдын алу мақсатында мұнай-газ компанияларының техникалары мен жүзу құралдары жұмылдырылып, мұнай төгілген кезде жинауға пайдаланатын теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды. Қазіргі кезде жағаның сумен шайылуын тоқтату жұмыстары жүргізіліп, жалпы есеппен 600 метр қашықтықта бөгегіш бондары қойылды.

Аталған жұмыстарға компанияларының және ТЖД 53 қызметкері жұмылдырылды.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы