
Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары жергілікті атқарушы органдармен және Кенжекөл кентінің тұрғындарымен бірлесіп су тасқынына қарсы алдын алу іс-шараларымен айналысып жатыр. Барлығы 100-ден астам адам жұмысқа тартылды.
Аумақты су тасқынынан қорғау үшін үйіндіні нығайту, қапшықтарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 91 тонна инертті материал әкелінді, 400 қап төселді және 250 қап инертті материал дайындалды.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі