1 мамырда ҚР ТЖМ тікұшағымен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылы және Атырау облысы Индер, Махамбет аудандарының Жайық өзені бойындағы елді-мекендеріне әуеден комиссиялық барлау жүргізді. Аэровизуалды барлау жұмыстары барысында алдын алу шаралары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
Махамбет ауданындағы жағалауды нығайту жұмыстары 100% аяқталды. Ұзындығы 65,5 км болатын қорғаныс бөгеттерін салу толық көлемде аяқталды. Шамамен 1 093 920 қап дайындалды.
Исатай ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды, су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтулі түрде жүргізілді. Жоспарланған 78 шақырым бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды. Бірлесіп атқарылған жұмыс нәтижесінде, қауіпті учаскелерге жалпы саны 309 730 қап топырақ төселді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы