
Көптен күткен жаздың басталуымен балалардың судағы қауіпсіздігі туралы мәселе өзекті болып отыр. Әр адам судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін білуі керек. Шомылу қауіпсіз болуы үшін не істеу керек? Қандай ережелерді сақтау керек?
Осындай сақтық шараларын түсіндіру үшін ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқушылармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізуде. Бүгінгі таңда нұсқаулық сабақтар 31 мектепте өткізіліп, оған 8966 оқушы қатысты. Осы бағыт бойынша жұмыс жалғасуда.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы