
7 сәуірде Максим Стец Павлодар облысы ТЖД колоннасының құрамында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күресте көмекке шықты. Жеткен қызметкерлер бірден Заречное ауылына орналастырылды. Максим басқа құтқарушылармен бірге бөгеттер салып, нығайтты, тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялауға қатысты, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді. Мичурино ауылында құтқарушы адамдарға су басқан үйлеріне жетуге көмектесті. Максим барлық тапсырмаларды нақты және тез орындағанын атап өтті.
Максим Стец Павлодар облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушысы. Ол әрдайым елдің патриоты болғанын және мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтынын айтады. Әскердегі борышын атқарған соң 2016 жылы ол жедел құтқару жасағының қатарына қосылды. «Осылайша, менің мамандығым мені тапты», - дейді құтқарушы.
Қызметтен бос уақытында Максим отбасымен бірге уақыт өткізуге тырысады. Оның екі қызғалдақтай қызы бар. Жұбайым мені мақтан тұтады, бірақ қатты алаңдайды, әсіресе, ол күрделі іздеу-құтқару жұмыстарына немесе ұзақ, алыс сапарларға шыққанда. «Менің отбасым – менің бекінісім. Жақындарымның қолдауынсыз мен бар нәрсеге қол жеткізе алмас едім», - деп жауап берді Максим.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі