
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Темірлан Қаппасов өз өмірін қатерге тігіп, мұқтаж жандарға көмекке аттанды. Ол су тасқыны кезіндегі жұмыс уақытында төтенше жағдайлар кезіндегі жедел әрекетімен ерекшеленді.
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Темірлан 2019 жылдан бері Теміртау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қызмет етеді.
Темірлан өз кәсібіне мақтанышпен қарайтын жауынгер, осы мамандықтың барлық ауыртпалықтары мен қиындықтарын қабылдайды. Бұл оны шабыттандырып қана қоймайды, ол өмір бұл мамандықпен сүреді және өз ісін жақсы көреді. Сонымен қатар ол спортпен шұғылданады, бірнеше рет жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
Қызмет барысында талай мәрте өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты, ағымдағы жылдың ақпан айында болған ірі өртке қатысып, шатырдағы өртті сөндірді. Ағымдағы жылдың сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайының алдын алу жұмыстарын сәтті жүргізді.
Темірлан 1999 жылы Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында дүниеге келген. Бала кезінен құтқарушы болуды армандап, сол жолда аянбай еңбек еткен.
«Мен өрт сөндіруші болатынымды әрқашан білетінмін, өйткені адамдардың өмірін құтқаруды өзіме өмірлік мақсат тұттым», - дейді Темірлан.
Қарағанды облысы ТЖД
баспасөз қызметі