
Сағындық Сисенбаев 2020 жылдан бері Ақтөбе облысы ТЖД Ойыл ауданы №18 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушы болып қызмет етеді.
Су тасқыны кезінде Ш.Берсиев ауылы, Қаратал елді мекені тұрғындарын жедел эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, ол әріптестерімен бірге 50 шақты адамды қауіпсіз аймаққа көшірді.
«Ойыл өзені арнасынан тасып Ш.Берсиев ауылы, Қаратал елді мекеніне қауіп төнді. Мен өзгеде құтқаршылармен бірге су басқан аймаққа тік ұшақ арқылы жеттім. Оқиға орнына тік ұшақпен түсіп келе жатқан кезде Қаратал елді мекенін толықтай су басып, әрбір үйлердің, шөптердің үстерінде адамдар шыға алмай, эвакуациялау пунктіне бармай қалып қойғандығын көрдік. Біз дереу қайықпен адамдарды эвакуациялау пунктке жеткізуге кірісіп кеттік», - Сағындық су тасқыны кезіндегі оқиғасымен бөлісті.
«Ағыс қатты болды, қиындықтар туындады, оған қарамастан үйлердің төбесінен адамдар мен балаларды, құжаттарын алып шығып аман есен 30 адамды мектепке жеткіздік. Шығару барысында үйдің төбесіне 8 қозы және 1 бұзауды шығарып кеткендігін көріп шөптен тұратын жер жасап сол жерге апардық. Келесі күні мектепке гуманитарлық көмектерді жеткізуге көмектестік. Бастысы адамдар дін аман отбасылармен, ауылдастарымен қауышты. Бұны көру біз үшін бір керемет сезім болды», – дейді құтқарушы Сағындық.
Ақтөбе облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы