Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бүгін, 29 сәуірде 8 сантиметрге көтеріліп, су деңгейінің жалпы көлемі 442 см-ге жетті.
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, Атырау қаласында жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күні 113 учаскеде 242 шақырым бөгет тұрғызылып, топырақ толтырылған қап төсеу жұмыстары жалғасуда.
Аталған жұмыстарға 5265 адам, 651 бірлік техника жұмылдырылды, қосымша 7 бірлік жүзу құралы, 19 бірлік су сору құрылғысы дайындыққа келтірілді. Өңірдегі ахуал тұрақты.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы