Қаһарман – құтқарушы

Қаһарман – құтқарушы

Жедел құтқару жасағы құтқарушысы – Шыңғыс Мұқаев өрт сөндіру қызметіне 17 жылын арнаса, бүгінде жедел құтқару жасағында құтқарушы болып қызмет атқарады. Батыр құтқарушымыз Шыңғыс су тасқыны кезеңінде құтқару оқиғасын айтып берді.

30 наурыз күні кешке адамдарды құтқару туралы бұйрық келді. Ойыл ауданында қатты су тасқыны болды. Осыған байланысты тікұшақтың көмегімен адамдарды құтқару операциясын бастау туралы бұйрық болды.

Оқиға орнына келген соң, біз моншаның төбесінде отырған әйелді көрдік. Мен моншаның төбесіне алпинистік өрмелеу құралдарымен түстім. Тікұшаққа тез көтеру үшін жабдықты көмек күтіп отырған әйел адамға тіркедім. Сонымен қатар біз трактордың төбесінде отырған адамды көрдік. Дәл осындай әрекеттермен мен оны тікұшаққа көтеру үшін жабдықты ер адамға іліп, құтқарып алдым.

«Біз үшін ең бастысы – адам өмірін құтқару», – деп мәлімдеді құтқарушы Шыңғыс. Құтқарушы Шыңғыс бос уақытында тауға шыққанды және тенниспен шұғылданғанды ұнатады.

 

Ақтөбе облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы