
Елорда әкімдігі ұйымдастырған «Тазару» экологиялық айлығы аясында 2024 жылдың 27 сәуірінде 140 адамнан тұратын ТЖМ қызметкерлері елорда аумағын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
ТЖМ тазалау үшін Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейін (оң жағы) Ұлы дала даңғылы бойынша учаске бекітілді.
Сенбілік барысында бекітілген учаскенің аумағы қоқыстан тазартылып, тиісті ретке келтірілді.
Аталған шараға қатысқан қызметкерлердің әрқайсысы одан жақсы әсер алды: атқарылған жұмыстан қанағаттану, әріптестерімен қарым-қатынастан жақсы көңіл-күй және жайлылық пен тазалықты орнатуға өз үлесін қосқанын түсіну.
Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жыл сайынғы экологиялық айлықтарға қатысу ТЖМ қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі