
Осы мамандықтың иесі Ұлытау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызмет өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі Өміржан Абилкасимов. Азаматтық қорғау органдарында 2010 жылдан бастап қызмет етеді.
Ұлытау облысының құтқарушылар тобы Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарын атқарып жатыр. Соның ішінде Өміржан Абилкасимовта өз үлесін қосуда. Өміржан өзінің мамандығымен мақтанады.
«Бала кезімнен өрт сөндіруші-құтқарушы болуды армандадым. Міне, қазір осы салада қызмет етіп жатырмын. Құтқарушы болу - бұл мықты дайындық, төзімділік, үлкен білім мен дағдылар, сонымен қатар адамдарға көмектесуге дайын болу.
Бұл мамандық әлемдегі ең жауапты және қауіпті мамандықтардың бірі болып саналса да, осы мамандық иесі болғаныма мақтанамын», - деп айтты Өміржан.
Қазір Өміржан Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда. Ол көптеген құтқару жұмыстарына қатысты. Ағымдағы жылдың наурыз айында балшықта қалған 75 бірлік техниканы жолға шығаруға және 350 адамды эвакуациялауға көмек көрсетті. Сондай-ақ, Ұлытау ауданы Жезді кентінің су тасқыны кезінде адамдар мен жануарларды қауіпсіз жерге жедел эвакуациялады.
Батырлар біздің арамызда!
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі