
2024 жылдың 24 сәуір Ұлытау облысы «Ұлытау облысы аумағындағы дала өрттерінің алдын және өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті. Аталған брифингтің спикері Ұлытау облысының ТЖД МӨББ бастығы Ермек Исмаилов сөз сөйледі.
Спикердің айтуынша, өрт қауіпті кезеңде ТЖ департаменті орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторинг жүргізіледі, сондай-ақ профилактикалық, рейдтік іс-шаралар, халық арасында, орман шаруашылығы мекемелерінің, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Облыс аумағында орманды дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, орман алқаптары мен егіс алаңдарының айналасында жырту жұмыстары жүргізілуде. Орман шаруашылығы мекемелерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі. ТЖ департаментінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді. Баяндама қорытындысында спикер сақтық шараларын еске салды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі