
СҚО ТЖ департаменті, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен тұрғындар су тасқынына қарсы іс-шараларды белсенді жүргізуде. Су тасқыны кезеңінің басынан бастап елді мекендердің көшелері мен аула аумақтарынан 749.000 м.текше метрден астам су сорылды. 252 мың метрден астам арық тазартылды. 289 мың дана қапшықтар дайындалып, 337 мың дана төселді. 172 км-ден астам каналдар кеңейтіліп, тереңдетілді. 25 км. бөгеттер нығайтылды.
Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар арқылы еріген судың 6 төгілуі тіркелді. Белгілер қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен полицияның күшімен кезекшілік ұйымдастырылды. Жағдай бақылауда.
Сергеев су торабының бөгетінде Сергеев су қоймасының жотасы арқылы толып кету 3 метр 60 см құрайды. Су тасқынының екінші толқыны өтуде, алайда Есіл және Қызылжар аудандарының жақын орналасқан елді мекендерін екінші рет су басу қаупі бар.
Қазіргі уақытта СҚО-да 3223 үй, 1115 үй маңындағы аумақ су астында қалып отыр, 13624 адам (оның ішінде 3396 бала) эвакуацияланды, олар эвакопункттерде және туыстарында орналастырылған. 4800-ден астам мал қауіпсіз жерге көшірілді.
«Жедел желі» телефонына жалпы ақпараттық және психологиялық сипаттағы 352 қоңырау келіп түсті, оларға толық жауаптар берілді.
Жергілікті атқарушы органдарды, ТЖМ, Ұлттық ұлан күштерін, қорғаныс министрліктерін, жеке ұйымдар мен еріктілерді қоса алғанда, облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамның 4296 адамы, 885 бірлік техника, 471 мотопомпалар, 133 жүзу құралдары және 3 әуе кемесі қатысады.
Олар Петропавл қаласында және облыс аудандарында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.
Су тасқыны бар жедел жағдай ерекше бақылауда, Петропавл қаласының аудандарында тәулік бойы жедел штабтар жұмыс істейді.
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы