
Бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарынан 15 адамнан тұратын 5 Апаттар медицинасы орталығының медициналық бригадасы және 4 бірлік техника тартылды.
Дәрігерлер барлық өтініш берушілерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Құрамында тәжірибелі мамандар бар бригадалар қажетті жабдықтармен, медициналық препараттармен және таңу материалдарымен қамтамасыз етілген
Бүгінгі таңда Апаттар медицинасы орталығының күшімен 592 адамға медициналық көмек көрсетілді, оның 28 ауруханаға жатқызылды.
ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы