
Бүгінгі таңда Жарқайың, Есіл және Целиноград аудандарында ТЖМ, МКҚ, ІІМ, ҚР ҚМ, жергілікті атқарушы органдардан, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан 300-ден астам адам және 50 бірлік жұмылдырылды.
Айта кету керек, облыстың бірқатар өңірлерінде су тасқынының негізгі шыңы өтті.
Осылайша, қосымша күштер мен құралдар Атбасар және Жарқайың аудандарынан орналасқан жерлеріне бағытталды. Облыс бойынша барлығы 95 елді мекенде жеке тұрғын үйлерді су басуға жол берілмеді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі