Құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар көмекке келді

Зайчиха шатқалының Малеев көпірі маңындағы шағын өзенде қайықпен жүзіп жүрген 1967 және 1964 жылы туған екі ер адам аударылып қалды. МӨБ-2 құтқарушылары дереу көмекке келіп, екеуін судан шығарып алды. Азаматтарға медициналық көмек қажет емес.
ШҚО ТЖД мамандары қайықпен жүзген уақытта қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

 

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі