
Батыс Қазақстан облысында жергілікті маңызы бар автожол арқылы 1 судың өтуі және 22 жол төсемін су шайып кетуі бақылауда.
Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында көлік қатынасы жоқ 9 елдімекен бар. Жергілікті масштабта 6 төтенше жағдай жарияланды.Саяжайлардағы 2 994 үйді су басты.
Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жүргізілуде.
13 771 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 717 бала, 19 мүмкіндігі шектеулі. Эвакуациялық пункттерде 2 314 адам орналасқан, оның ішінде 1 009 бала, 11 457 адам туыстарында. 4 925 үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалды.
Облыс бойынша барлығы 1 020 мың м3 еріген қар суы сорылды, 979 788 дана қапшық және 12 583 мың тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 10 444 адам, 1 715 бірлік техника, 212 бірлік су сору құралы, 164 дана жүзу құралы және 3 вертолет жұмылдырылған. Авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін өзге өңірлерден қосымша күштер мен құралдар тартылды.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі