Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері уақытша орналастыру пункттеріндегі эвакуацияланған тұрғындарды тексеруде

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері уақытша орналастыру пункттеріндегі эвакуацияланған тұрғындарды тексеруде

Бүгінгі таңда АМО дәрігерлері құтқарушылармен бірге су тасқыны салдарын жоюға қатысуда. Олардың міндеті - су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету. АМО дәрігерлері уақытша орналастыру пункттеріндегі зардап шеккендерді қарап және аулаларды аралайды.

Қазіргі уақытта ТЖ аймағында 17 шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасы жұмыс атқарып жатыр, олар 400-ге жуық зардап шегушіге медициналық көмек көрсетті. Тағы 300-ге жуық жергілікті тұрғынға Апаттар медицинасы орталығының психологтары психологиялық көмек көрсетті.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы