
Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс министрлігі ұшағымен Мамыр, Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарынан 1184 адам оның ішінде 643 бала эвакуацияланды.
623 адам уақытша орналастыру пункттерінде ал 541 адам туыстарында.
Жағдайды зерделеу және жедел шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында.
Ырғыз ауданындағы жұмыстарға 366 адам және 13 бірлік техника, 3 қайық жұмылдырылды.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі