
Жетісу облысында өрт қауіпті кезең басталды. Табиғи өрттер мен жану қаупін болдырмау және азайту мақсатында ТЖ департаменті, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізуде. Департамент ерікті өрт сөндіру және өрт сөндіру бекеттерімен, теориялық және практикалық пысықтау, табиғи өрттер мен өрттерді сөндіру бойынша сабақ кестесін әзірледі.
Ғарыш мониторингі бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ – мен Табиғи өрттерді ерте және уақтылы анықтау және уақтылы шаралар қабылдау үшін шарт жасалды.
Жетісу облысы Департаментімен құрылған 28 мобильді топпен орман және дала алқаптарында 24 рейд өткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке 1 құқық бұзушы 73 мың 840 теңге сомасында айыппұл салынды.
Сондай-ақ, жалпы 711 адамды қамтумен, шаруашылық өндірушілері, шаруа қожалықтары және халықпен 10 дөңгелек үстел, 30 жиын, 58 нұсқама өткізілді.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті жауапсыздық, немқұрайлылық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үлкен апатқа айналып, еліміздің табиғи байлығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін тағы да еске салады.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі