
Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс Министрлігі ұшағымен Құйлыс ауылынан адамдар эвакуациялауда. Кешегі күні құтқарушылар күшімен Құйылыс ауылынан Ырғыз ауданына 96 адам, оның ішінде 60 бала эвакуацияланған болатын.
Сонымен қатар Ырғыз ауданы ауылдарына Қорғаныс Министрлігі тік ұшағымен құтқарушылар гуманитарлық көмек жеткізуде.
Жағдайды зерделеу және жедел шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов Ырғыз ауданында.
Аудан аумағында Торғай өзенінің су деңгейінің көтерілуі 11 сәуірден басталды.
Айтып өткен жөн, 14 сәуір күні Мамыр және Нұра ауылындарында топырақтан үйіндісінен жасалған қорғаныс бөгеті шайылып, елді мекендерді су басты.
Ырғыз ауданындағы жұмыстарға 370 адам және 18 бірлік техника жұмылдырылды.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы