
Солтүстік Қазақстан облысына Павлодар облысы ТЖ департаменті тобының құрамында келген аға өрт сөндіруші-құтқарушы Әлішер Кәкенов қарапайым жандардың бірі. Дегенмен оның көптеген жақсы тұстарын айтуға болады.
Небәрі 27 жасында жас құтқарушы көп нәрсені бастан кешірді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды мен күрделі өрттерді сөндіруге белсене қатысып, адамдарды құтқарды.
Иә, жалпы 6 жылдық қызметі барысында не болып, не қоймады десеңізші. Осындай бір төтенше жағдайларға шығу кезінде ол нағыз отты тозақ-автобазадағы өртті жою оқиғасына қатысып, 32 тонна жанармайға толы өртке оранған цистерналар сөндірді. Сондай-ақ мына бір өрт оқиғасында ол жолдастарымен бірге бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер терезесінен торды жұлып алып, 2 кішкентай қызды өрттен аман алып қалды. Сондықтан, СҚО су тасқынымен күресу мақсатында жеке құрамды іріктеу кезінде, еш ойланбастан Әлішердің кандидатурасы ұсынылған.
«Петропавлға 8-сәуір күні келдік. Кела салысымен жұмысқа кірістік. Қаптарды инертті материалмен толтырып, қала айналасындағы бөгеттерді нығайттық. Судың қалай келген өз көзімізбен көрдік. Біздің жұмысымыздың нәтижесінде көп нәрсе байланысты екенін түсініп, күні-түні тынбай еңбектендік. Біздің артымызда тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін қорғау міндеті тұрды», - деп жауап берді Алишер өзінің Солтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапарының мақсаты жайында.
Оның айтуынша, жұмыстың ең қиын кезеңі адамдар, олардың мүліктері, иттер мен мысықтарды эвакуациялау кезінде басталған. Әсіресе өз баспанасын тастап, оған қайта оралу оралмауы екіталай күйде кетіп бара жатқан адамдардың қайғысына куә болу, моральдық тұрғыдан оңай болмағаны белгілі.
Ал Әлішер өзінің қызметтегі жолдастары туралы әңгімелегенде көздері от шашады. Олар үнемі бір жерде жұмыс істеп, бір-біріне қолдау көрсетуде. Алишер өзі спортпен айналысады, футбол ойынының жанкүйері болуымен қатар, өзі де жақсы ойыншы. Бұл хоббиі оның қызметіне оң ықпалын тигізуде. Үйде оны жұбайы Ғалия зарыға күтіп, күн сайын Павлодардан қоңырау шалады.
«Мен де онымен кездесуді асыға күтемін. Бірақ алдымен Солтүстікқазақстандықтарды табиғи апаттардан қорғау мақсатындағы өз міндетімді орындауым қажет екенін жақсы түсінемін. Бұл мен үшін маңызды!», - дейді Әлішер. Ол сондай-ақ әріптестерімен бірге су тасқыны кезіндегі жанқиярлық жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына ие болды. Яғни білегінде жаңа сағат жарқырайды.
Алишер 26 сәуір күні 28 жасқа толады. Алишерге өз міндетін абыроймен орындап, үйге, туған жеріне аман-есен, абыроймен оралуына тілектеспіз!
СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобы