
Түркістан облысында жаңбыр суын сору жұмыстары аяқталды. Байдібек ауданы Ақбастау ауылында 17 жеке тұрғын үй ауласының су басуына ауа райының қолайсыздығы себеп болды. Құтқарушылар жол бойына 300 қапшықтарды төсеу жұмыстарын жүргізді.
Елді мекенге жақын орналасқан өзендер мен көлдер бақылауда.
Сағат 23:00-де жұмыс толығымен аяқталды, елді мекенге қауіп төнген жоқ.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі