Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда

2024 жылдың 17 сәуірiнде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Оралдағы саяжай алаптарынан 5 адамды құтқарып, кауiпсiз жерге эвакуациялады.

Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі және түнгі уақытта құтқарушылар тобы елді мекендердегі үрлемелі қайықпен журiп мониторинг жүргізеді, екінші топ күндізгі және түнгі уақытта бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізуде.

Ақтөбе облысы мен Оралдағы су тасқыны жұмыстары басталғаннан бері жасақтың құтқарушылары 232 адамды, оның ішінде 38 баланы құтқарды.

 

ТЖМ Республикалық жедел-құтқару

 жасағының баспасөз қызметі