
Қостанай облысында су тасқыны жағдайы тұрақтанғанымен, әлі де қатаң бақылауда.
Соңғы тәулікте Төтенше жағдайлар департаменті, Жергілікті инспекция және Қорғаныс министрлігінің бірлескен күштері 106 адамды құтқарды, оның 7-уі балалар. Су тасқыны кезінде барлығы 9220 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 1810-ы балалар;
Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орталықтарында 181 адам болса, оның 34-і балалар.
Облыс бойынша барлығы 576 жеке құрам, 93 бірлік техника, 33 бірлік мотор сорғысы, 5 бірлік жүзу құралдары күштері мен құралдар жұмылыдырлған.
Еріген суды шығару жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны кезеңінде облыс бойынша 903 мың м3 астам еріген су сорылды.
Қостанай облысында тәулік ішінде 1800 қап төселсе, су тасқыны кезеңінде 209510-нан астам қап төселді, су тасқыны кезеңінде 76500 тонна инертті материалдар төселді.
Өңірлік жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, еріген судың тасу қаупі бар елді мекендерге үздіксіз мониторинг жүргізілуде.
Жанкелді ауданы, Тауш ауылында Қостанай облысының ТЖД тобы су шайып кеткен автожол бөлігінде жұмыс істеп жатыр.
Құтқарушылар өткелді бақылап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халыққа азық-түлік, дәрі-дәрмек, қажетті заттар жеткізілуде.
Сондай-ақ, құтқарушылар еріген су қоршауында қалған халыққа гуманитарлық көмек жеткізуде.
Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі