Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылармен кездесті

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсететін құтқарушылармен, еріктілермен және кәсіпкерлермен кездесті.

Президент төтенше жағдай кезінде өңір тұрғындарының ауызбіршілігін ерекше атап өтіп, табиғи апатқа қарсы күреске тартылған барлық азаматтарға алғысын білдірді.

Мемлекет басшысы ҚР ТЖМ 15 қызметкеріне:

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы Едил Серикович Зикринге;

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Петропавл қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұртас Теміртасұлы Нұрманға;

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД писхологиялық қызмет тобының бас маманы-психолог Лаура Бейбітқызы Шайкеноваға;  

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бас маманы-психолог Александра Владимировна Юдаеваға;

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД штаб бас маманы Марина Игоревна Самойленкоға;  

Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Дидар Талғатұлы Файзуллаға;

Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Ержігіт Мусаұлы Керимжанға;

Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Алишер Бахтиярович Азнабакиевке;

Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Ақжол Дулатұлы Сағынбайға;

Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Алишер Александрович Какеновке;

Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері Қанат Тасболатұлы Байсариновке;

Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Арман Ержанұлы Қаиржанға;

Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 23 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Серік Сағашқа;

Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 27 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Алтынбек Әжібекұлы Әділбекке;

Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Жанболат Мухтарович Кульмаевқа естелік сыйлықтар табыс етті.