
Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, еріген суларды айдау, қапшықтарды инертті материалдармен төсеу, арналарды, арық жүйелерін жағалауды нығайту жұмыстары, адамдарды қауіпсіз орындарға құлақтандыру және эвакуациялау жалғасуда. Барлығы 730 549 текше метр су сорылды, 24 958 м бөгет нығайтылды, 8 501 метр бөгет тұрғызылды, 273 536 қап төселді.
Су тасқыны басталғаннан бері облыс аумағында 12 235 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 2919 бала. Үйге 44 адам келді. Уақытша орналастыру пункттерінде 732 адам, оның ішінде 108 бала бар. Қауіпсіз жерге 3868 ауыл шаруашылығы жануарлары айдалды. «Жедел желі» телефондарына тәулігіне 60-тан астам қоңырау келіп түседі, психологтар зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.
Петропавл қаласында, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, М. Жұмабаев ауданының, Айыртау, Есіл, Тимирязев, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде 2401 жеке тұрғын үй мен 1115 аула аумағы су астында қалды.
Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары мен су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 5270 адам және 906 бірлік техника, 495 мотопомпалар және 129 жүзу құралы, 3 әуе кемесі жұмылдырылды. Сондай-ақ Астана, Алматы қалаларының, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарының ТЖД тартылған күштері мен құралдары жұмылдырылды.
СҚО ТЖД баспасөз қызметі