
Бүгінде облыста су тасқыны жағдайы тұрақтанғанымен, әлі де жіті бақылауда.
Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жарияланған жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимі өз жұмысын жалғастыруда.
Бүгінгі таңда Қостанай облысында 51 тұрғын үй мен 66 аула аумақтары су астында қалды. Қаратомар, Жоғарғы-Тобыл және Желқуар су қоймаларына бақылауға алынған.
Су тасқыны кезінде 9114 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның 1808 балалар. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру орталықтарында 181 адам болса, оның 34 балалар.
Облыс бойынша барлығы 741 жеке құрам, 113 бірлік техника, жабдықтар, 52 бірлік мотор сорғысы, 5 бірлік жүзу құралы күштері мен құралдар жұмылдырылған.
Су тасқыны кезеңінде облыс бойынша барлығы 903 339 м3 еріген су сорылды.
Су тасқыны кезеңінде 209 510-нан астам қап төселіп, 76 500 тонна инертті материалдар төселді.
Өңірлік жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, еріген судың тасу қаупі бар елді мекендерге үздіксіз мониторинг жүргізілуде.
Жанкелді ауданы, Тауш ауылында Қостанай облысының ТЖД тобы су шайған жол учаскесінде кезекшілік етуде. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су көлігімен 4 құтқарушы өткелді бақылауда. Соңғы тәулікте құтқарушылар Тауыш ауылынан Торғай ауылына қарай 26 адамды, оның ішінде 2 баланы тасымалдады.
Сондай-ақ, құтқарушылар еріген су аймақтарында қоршауда қалған халыққа гуманитарлық көмек жеткізуде.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі