ТЖД және «Қазселденқорғау»: Алматы өзендеріндегі жағдай тұрақты

ТЖД және «Қазселденқорғау»: Алматы өзендеріндегі жағдай тұрақты

Қазіргі уақытта «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық пайдалану техникалық басқармасының 10 гидропосты жұмыс істейді, олар тәулік бойы өзендердегі гидрометеорологиялық жағдайды бақылауда.

Өздеріңіз білетіндей, қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су шығынының су деңгейінің шамалы көтерілгені байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануының 2 баллға дейін артуы байқалады.

Бұдан басқа, «Қазселденқорғау» мамандары селден қорғау құрылыстарының техникалық жай-күйіне тексеру жүргізеді.

«26 наурыздан бастап Алматы ТЖД жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, жедел штаб жұмыс істейді, қосымша тәулік сайын «Қазселденқорғау» қалалық филиалы 20 адамнан тұратын механикаландырылған бригада құрылды, сондай-ақ самосвалдарды, тиегіштерді, крандар мен экскаваторлардың екі бірлігін тарта отырып, олар  коммуналдық қызметтермен бірлесіп өзен арналары мен тұндыру бассейндерін тереңдету жұмыстарын жүргізді", - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

16 сәуірде, сағат 4:00-ден бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады, ол үзіліспен 17 сәуірдің таңына дейін күтіледі. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, сағат 9:00 - де қалада 14 мм, «Медеуде» - 21 мм, Каменск үстіртінде-28 мм жауын-шашын түскен.