Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері өрт қауіпті кезеңге дайындалу бойынша брифинг өткізді

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері өрт қауіпті кезеңге дайындалу бойынша брифинг өткізді

Өрт қауіпті кезеңінде алдын алу мақсатында өрт қауіпті маусымда болуы мүмкін орман және дала өрттерінің және оларды жою тәуекелдерін төмендету үшін іс-шаралардың кезең-кезеңмен жоспары әзірленді. Бұл-құрғақ шөптер мен қамыстан тазалау, елді мекендер мен орманды дала алқаптарының айналасында минералданған жолақтарды жүргізу, өрт сөндіру бекеттері мен орман шаруашылығы мекемелерінің құралдарымен өрт сөндіру және қосалқы техниканы дайындау және жабдықтау.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ немесе резонанстық оқиғалар туындаған кезде жедел шаралар қабылдау мақсатында қалалар мен аудандардың әкімдіктері үшін табиғи және техногендік өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту және ақпаратты беру алгоритмі әзірленді. Табиғи өрттерді сөндіру үшін күштер мен құралдарды тарту бойынша орман мекемелерімен және қалалар мен аудандар әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жоспарларын нақтылау жүргізілді.

Облыс аумағында орман өрттерін сөндіру жөніндегі жиынтық колонна табиғи өрттерді автономды режимде 3 тәулікке дейін сөндіруге қабілетті  жеке құрамның 60 адамы, өтімді және сыйымдылығы жоғары 19 бірлік өрт және көмекші техникасы бекітілді. Орманды дала алқаптарында алдын алу шараларын жүргізу үшін Департаменттің, орман шаруашылығы мекемелерінің және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды. Табиғи өрттерді ерте және уақтылы анықтау және уақтылы шаралар қабылдау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен ғарыш мониторингі бойынша шарт жасалды.

Өңірлердегі әкімдіктер мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңімен құру бойынша жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылы 5 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда, сондай-ақ Ақтоғай ауданы Баскамыс ауылының өрт сөндіру бекетін жоспардан тыс құру жоспарланып отыр.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі