
ТЖМ вице-министрі С. Төленбергенов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ. Нұртаев, Атырау облысы ТЖД бастығы Н. Жаңабаев су басу қауіпінің алдын алу бағытында тиісті іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында кезекті көру-шолу жұмыстарына шықты.
Облыс төңірегіндегі Жайық өзені бойында атқарылған жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстарына сапалы тексеріс жүргізу, су деңгейіне баға беру үшін гидрометеорологиялық қызметтің және геодезист мамандары тартылды.
Казгидромет мәліметіне сәйкес, Жайық өзені су деңгейінің көтерілуін есепке ала отырып, бүгін басшылық Индер ауданының ауылдық округтеріндегі, Махамбет ауданы, қала аумағындағы Алмалы ауылдық округі, Береке ауылындағы жаға бекіту, бөгеттерді нығайту жұмыстарына тексеріс жүргізді.
Гидрометеорологиялық қызметтің және геодезист мамандар Жайық өзенінің су деңгейіне критикалық нормамен салыстыра отырып өз бағаларын беріп, пікірлерімен бөлісті.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы