Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды

Мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік броньнан шығарылды

ТЖМ бұйрықтарына сәйкес Атырау облысында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілерді тамақпен, сондай-ақ тартылған инженерлік техниканың жанар-жағармай материалымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 81 тонна азық-түлік тауарлары (ұн, макарон, қарақұмық, қант және т.б.) және 158 тонна мұнай өнімдері (бензин және дизель отыны) броньнан шығарылды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында қосымша эвакуациялық пункттерді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік материалдық резервтен 10 мың адамға арналған төсек-орын жабдықтары (төсек, матрац, жастық, көрпе, жастық жамылғысы, жайма) қосымша броньнан шығарылды.

 

Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті